Қаныш және Ғылыми Майдан
zhenispir
Қаныштың тілі шыққанда әкесі оған ең әуелі “бісміллә” деген сөзді үйретті. Ұлы сөз ұғар жасқа жеткенде: “Балам, “бісміллә” деген киелі сөз. Не нәрсені ниет қып, қолға алсаң да “бісміллә” деп баста!” - дейтін.
Иә, бұл кітаптың бірінші тәрбие деген бөлімінен алынған кішкене туынды. “Ғылыми майдан” кітабы туралы алғашқы рет естигенімде, бұл кітаптың Қаныш Сәтпаев туралы екендігін білмейтін едім. Мен ол кезде достарыммен бірге бас қосып “Бейсен Болмыс” кітабын оқып, талқылап жүрдік. Мен өз-өзіме: “Бұл ғалымның аты-жөнін қанша рет естісем де, тіпті ол туралы дым білмейді екенмін” деп ойлап жүрсем, бұл ойдағы кісі жалғыз мен емес екен. Себебі кітап осылай бастайды:
2021 жылдан бастап «Отбасы хрестоматиясы» ұжымы қазақ мемлекетінің қалыптасып, орнығуына елшеусіз улес қосқан тұлғаларды насихаттауды колға алды. Тізімде Қаныш Сәтбаев та бар. Бірақ ұжымда Қаныш жайлы жарытып білер адам жок. Сол ушін Медеу Сәрсекенің, «Қазақтын Қанышы» деген еңбегін окыдым. Кітапты біткенше бірде суйініп, бірде күйініп, екіұдай сезімді бастан кештім. «Бұл ақпаратты неге ертерек білмедім?» деген уайым да өзекті өртеді. Сейтсем, жалғыз мен емес, ғылымға тікелей қатысы бар кісілер де Қаныш жайлы жарытып білмейтін боп шыкты. «Бақсам, бақа екен» дегендейб оның сыры кітаптың соңғы жағында мәлім болды. Билікті уысында ұстатан Қазақ ССР-нін, Орталық комитеті Қанышты халық жадынан өшіруге мүдделі болыпты. Қаныштың ісі мен ерлігін дәріптейтін кез келген кітап не деректі фильм Орталық комитеттің қарсылығына тап болып, жойылып отырған. Автор бұл такырыпқа тереңдеместен шындықтың шетін жылт еткізеді де, әрмен қарай кете береді. Әуелде «Ол заманда Қазақстанда дербес билік жок, СССР курамында. Қаныштың есімін өшіруге Мәскеуден нұсқау тускен» деп ойладым. Сөйтсем Қаныштың әруағына жасалған қиянатқа Мәскеудің қатысы жоқ екен.
Адам ауырғанын мойындамайынша, ем табылмайды. Дәл сол сияқты, қате орын алса, оған қатысымыз барын мойындап, оны түзету үшін келесі қадамды саналы түрде ойлауымыз қажет.
Бұл тұста кітап Қаныш Сәтпаевты не үшін ұмытпау керектігін батыл түрде еске салады: бізді тұншықтырып тұрған бөтен күш емес, өз қолымызбен жасаған шектеулер. Өз ішіміздегі жақсыны да, бізден биікке көтерілген тұлғаларды да көре алмағандықтан, өзгенің көңілінен шығу үшін өз құндылығымызды жоққа шығардық. Халыққа жақындаудың орнына, одан алыстадық, тіпті қорықтық. Ал халық дегеніміз – біз емес пе? Біз осы ортада, осы адамдардың арасында өмір сүріп жүрген жоқпыз ба? Сонда біз кімнен қашып, қайда бет алып барамыз?
Кітаптың әлі екінші бетінің алғашқы абзацында-ақ мен үшін басты ой айқындалды: ол – ашықтық. Адамның ең үлкен жауы – сыртта емес, өз ішінде. Біз қателікті неден бастаймыз? Дұрыс жолды білмегендіктен бе? Меніңше, олай емес. Ең алғашқы қате – дұрыс жолды біле тұра, оны саналы түрде жауып тастау. Көзімізбен көргіміз келмейді, құлағымызбен естігіміз келмейді, жүрегімізбен сезінгіміз келмейді. Осылайша, меңіреу күй кешеміз. Шындықты біле тұра, мойындамаймыз.
Сол себепті ең басынан ашық болуымыз керек. Шындық ащы болса да, оның көзіне тура қарауымыз керек.
Кітапта ғалым Қаныш Имантайұлы туралы мол дерек берілген. Сонымен қатар бұл мәліметтердің қалай жиналғаны да егжей-тегжейлі баяндалады: ақпараттың қалай сақталғаны, қай дереккөздерден алынғаны, кімдердің көмегімен табылғаны және не себепті белгілі бір кезеңде жасырылғаны нақты түсіндіріледі.
Кітапта Қаныш Сәтпаевтан бөлек, өзге де ғылыми тұлғалар сөз болады. Мені ерекше таңғалдырған тұс – автордың Қаныштың өмірбаянын уақытша тоқтатып, танымал палуан Қажымұқанға арнайы орын беруі. Себебі кітапта ғалымның өмір жолы, ата-анасы, жары, отбасы мүшелері, сондай-ақ достары мен әріптестері жайлы деректер күткен едім. Ал Қажымұқан палуан туралы бөлім мен үшін күтпеген жайт болды.